«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС - мен бірлесіп Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс-шара аясында DMR Tier III стандартыбойынша байланыс жүйесінің жұмысы таныстырылды, оны монтаждау және баптау Жамбыл облысының шекарасында жүзеге асырды.
Радиобайланыс жүйесінен басқа ҚТ және УҚТ радиостанциялары, түнгі көру аспаптары және MIDAS/MIRSAD шекараларын күзетудің дабыл бағдарламалық - аппараттық кешені көрсетілді.
Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.