Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен «Берег» оқу полигонында «Батыл-Тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығуға Компанияның еншілес кәсіпорындары, «Семей инжиниринг» АҚ және «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қатысты.
«Семей инжиниринг» АҚ өзінің жылжымалы мобилдобилді танк жөндеу шеберханасын ұсынды және оның далалық жағдайларда броньды танк қару-жарағын жөндеу бойынша қабілеттерін көрсетті. Жылжымалы танк жөндеу шеберханасы дала жағдайында жауынгерлік машиналар мен жүк көліктерін жөндеу кезінде көп еңбекті қажет ететін техникалық қызмет көрсету жұмыстарын, бөлшектеу-жинақтау, монтаждау-орнату және басқа да жұмыстарды орындауда бригадаларға көмек көрсетуге арналған.
Өз кезегінде «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС заманауи радиостанциялар мен түнгі көру аспаптарын жөндеуді көрсетті.
Жаттығу далада әскери техниканы көрсетуге арналған