Астана қаласында «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арасында ақпараттандыру, байланыс және халықты хабардар етудегі бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
«Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ, түрік Aselsan технологиялық компаниясы және Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің бірлескен кәсіпорны болып табылады. Зауыт Астана қаласындағы АЭА-да орналасқан және әртүрлі өнім түрлерін өндіруге техникалық мүмкіндігі бар.
Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа өзара қызығушылық танытты. Сондай-ақ олар екіжақты кооперацияны одан әрі дамыту, жобаларды іске асыру және қойылған міндеттерді орындау жөнінде ұсыныстар енгізді.
«Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС соңғы екі жылда цифрлық радиостанциялар мен басқа да байланыс құралдарын өндіруді игерген «Қазақстан инжиниринг» холдингінің негізгі кәсіпорындарының бірі болып табылады.