2024 жылғы 22 мамырда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Т.Т. Тұрлыбаевтың Aselsan Вице-президенттері: Өзгур Тайлан Сары мырзамен және Зикерия Шахин мырзамен жұмыс кездесуі өтті.
Жиын барысында тараптар «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорнын дамыту перспективаларына қатысты мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, өнімнің жаңа түрлерін игеру және қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту туралы идеялар қосымша қарауға енгізіліп, ынтымақтастықты жалғастырудың бағыттары талқыланды.