Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Астанада Kazakhstan Security Systems 2025 халықаралық көрмесі өтуде

Kazakhstan Security Systems - Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік бойынша негізгі іскерлік алаң. 11 жыл бойы көрме сала мамандарын, әлемдік қауіпсіздік құралдарын өндірушілерді, тапсырыс берушілерді, мемлекеттік сектор өкілдерін және бейінді бизнес-қауымдастықтарды кездестіру үшін іскерлік платформа ұсынады.

Көрмеге құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарын жарақтандыруға арналған техниканы, арнайы құралдар мен жабдықтарды, объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру жүйелері мен құралдарын (бейнебақылау, қолжетімділікті бақылау және басқару, сигналдау, хабарлау және байланыс, өртті анықтау және сөндіру жүйелері), авариялық-құтқару жабдықтары мен техникасын ұсынатын компаниялар қатысады.

Киберқауіпсіздік саласындағы озық шешімдер мен өнімдер көрме экспозициясының маңызды сегментін алатын болады. Көрме Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен өтеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өзінің ЕТҰ-лары: оның ішінде «Тыныс» АҚ, «R&D» ЖШС, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-мен бірлесіп, осы көрмеге экспоненттер ретінде қатысып, шығарылатын өнімдерді ұсынатын болады. Оларға байланыс құралдары, жеке қорғаныс құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және басқалары кіреді.

Көрме 2025 жылғы 1-3 сәуірде Астана қаласы, «Expo» ХКО, В37 стендінде («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) өтеді.

Кері қайту