Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

Кәсіпорын туралы

«Қазақстан Аселсан Инжиниринг компаниясы» (бұдан әрі - KAE) төменде көрсетілген бағыттар бойынша өнімдер мен жүйелерді өндіруге және ғылыми әдістемелік зерттеулермен айналысуға негізделген: байланыс және ақпараттық технологиялар, Радиолокациялық жүйе және радиоэлектрондық қарсы тұру, электро оптика, авиация, қару жүйелері, модернизация, командалық басқару жүйелері, көлік, қауіпсіздік, жол қозғалысы, автоматика және денсаулық сақтау саласы.

KAE отандық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтаса отырып ішкі және сыртқы нарық тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында іс шаралар атқарады.

KAE тұрақты өсу мақсаттары аясында, миссиясы мен көзқарасына сәйкес, инновациялық, таңдаулы, сенімді, экологиялық таза және технологиялық компания ретінде өз қызметін жалғастырады.

Тарих

26 мамыр 2010 жыл: 2010 жылы Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған KADEX 2010 халықаралық қару-жарақ көрмесінде, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының президенттері, екі ел арасында қорғаныс саласында бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылады.

18 ақпан 2011 жыл: «СҚ Қазақстан Инжиниринг» АҚ және ASELSAN Elektronik Sanayi ve Ticaret A.Ş. (Түркия Республикасы) компаниялары арасында серіктестік туралы келісім шартқа қол қойылды.

13 мамыр 2011 жыл : Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібінің электронды және оптикалық өнімдерге қатысты міндеттерін орындау мақсатында «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС (Қазақстан ASELSAN Инжиниринг ЖШС) құрылды.

4 мамыр 2012 жыл: «Нұр-Сұлтан» арнайы экономикалық аймағының аумағында серіктестіктің құрылыс жұмыстары басталды.

13 желтоқсан 2013 жыл: серіктестікте алғашқы өндіріс басталды.